RU | KZ

+7 (701) 487 76 31; +7 (701) 356 34 64 | office@kta.com.kz

Сипаттамасы

Оқытушылардың кәсіптік біліктілігін арттыру мамандарға кәсіптік қызметте бейін бойынша білімді жаңартуға, саланың өзекті мәселелерін зерделеуге және жаңа еңбек функцияларын орындауға дайындалуға мүмкіндік береді.

Курс тренингтік технологияларды, машықтану жаттығуларын қолдана отырып, мастер-класстарды өткізе отырып, пактикалық оқыту форматында өтеді.

Аударма оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы – бұл аударма мен мамандандырудың барлық түрлері бойынша  бірегей тәжірибелі-бағытталған курстар.

Белгілі болғандай, заманауи әлемде білім үш жыл ішінде ғана өзекті. Ал егер лингвистикалық қызмет саласы жөнінде айтатын болсақ, мұндағы өзгерістер қарқынды жылдамдықпен орын алады, яғни өз білімінді жыл сайын жаңарту қажеттілігі туындайды.  Жыл сайын аударманың әрбір түріне қатысты зерттеулер жүргізіледі, сәйкесінше аударма оқытушыларына қойылатын талаптар өзгереді. Процестің тиімділігін арттыру және аударма сапасын жақсарту үшін жаңа технологиялар мен IT-шешімдер пайда болады. ҚАА-да әрдайым база жаңарып тұрады және аударма саласының заманауи технологиялары мен үрдістері енгізіледі. Осыған байланысты сіздерге төменде көрсетілген курстар қызық болуы мүмкін:

  1. Жазбаша аударма оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы
  2. Ретті аударма оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы
  3. Ілеспе аударма оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы
  4. Машиналық аударманың редакциясы/корректурасы/кейінгі редакциясы бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы
  5. CAT – құралдар бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы
  6. Аударма саласындағы соңғы үрдістер бойынша біліктілікті арттыру курсы
  7. Түрлі мамандандыру бойынша біліктілікті арттыру курсы
  8. Сіз үшін жекелей әзірленген біліктілікті арттыру курсы

Өзге де курстарды кестеден қараңыз

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Осы саладағы таяу және алыс шетелдегі зерттеушілердің қатысуымен профессор-тіл мамандарымен, тәжірибеленуші мамандармен әзірленді
  • Бағдарламаны қатысушылардың сұрауларына сәйкес бейімдеуге болады
  • Алынған білімді оқу бағдарламасына енгізу мүмкіндігі бар
  • Студенттерге лекция оқу үшін сіздің оқу орныңызға жаттықтырушыларды шақыру мүмкіндігі бар

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

  • Теориялық білімді жаңарту және практикалық дағдыларды алу
  • Оқу-әдістемелік кешенді әзірлеуге жаңа тәсімдерді зерделеу
  • Таңдап алған курс бойынша шет тілінен және шет тіліне аудару дағдыларын автоматты түрде орындауға дейін жеткізу

Бағдарлама тыңдаушыларға аударма қызметінің осы түрінің барлық негіздерін және қыр-сырларын жеткізу қажеттілігін ескере отырып құрылған.

Неліктен дәл бізді таңдайды?

Әлемдік деңгейдегі оқытушылар

Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары

Қашықтықтан оқыту

Сертификат беріледі

Икемді оқыту кестесі

Шетелде оқу және жұмыс істеу мүмкіндігі

БАРЛЫҚ КУРСҚА 5% ЖЕҢІЛДІК!

*Науқан айдың соңына дейін жарамды!