RU | KZ

+7 (701) 487 76 31; +7 (701) 356 34 64 | office@kta.com.kz

Сипаттамасы

Аудармашылардың біліктілігін арттыру курсы– бұл барлық маманданудың тәжірибеленіп жүрген ауызша және жазбаша аудармашылары үшін бірегей курстар.

Белгілі болғандай, заманауи әлемде білім үш жыл ішінде ғана өзекті. Ал егер лингвистикалық қызмет саласы жөнінде айтатын болсақ, мұндағы өзгерістер қарқынды жылдамдықпен орын алады, яғни өз білімінді жыл сайын жаңарту қажеттілігі туындайды.  Жыл сайын аударманың әрбір түріне қатысты зерттеулер жүргізіледі, сәйкесінше аудармашылар мен аударма сапасына қойылатын талаптар өзгереді. Процестің тиімділігін арттыру және аударма сапасын жақсарту үшін жаңа технологиялар мен IT-шешімдер пайда болады. ҚАА әрдайым базаны жаңарып тұрады және аударма саласының заманауи технологиялары мен үрдістері енгізіледі. Осыған байланысты сіздерге төменде көрсетілген курстар қызық болуы мүмкін:

  1. Жазбаша аудармашы біліктілігін арттыру курсы
  2. Ретті аудармашы біліктілігін арттыру курсы
  3. Ілеспе аудармашы біліктілігін арттыру курсы
  4. Машиналық аударма редакторының/корректорының/кейінгі редакторының біліктілігін арттыру курсы
  5. CAT – құралдар бойынша біліктілікті арттыру курсы
  6. Аударма саласындағы соңғы үрдістер бойынша біліктілікті арттыру курсы
  7. Түрлі мамандану бойынша біліктілікті арттыру курсы
  8. Сіз үшін жекелей әзірленген біліктілікті арттыру курсы

Өзге де курстарды кестеден қараңыз

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Осы саладағы таяу және алыс шетелдегі зерттеушілердің қатысуымен профессор-тіл мамандарымен, тәжірибеленуші мамандармен әзірленді
  • Бағдарламаны қатысушылардың сұрауларына сәйкес бейімдеуге болады

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

  • Теориялық білімді жаңарту, жаңа практикалық дағдыларды пысықтау
  • Қажетті есте сақтау жүйлерін, әмбебап аудармашылық шапшаң жазу (ӘАШ) жазбаларын зерделеу және меңгеру
  • Таңдап алған курс бойынша шет тілінен және шет тіліне аудару дағдыларын автоматты түрде орындауға дейін жеткізу

Бағдарлама тыңдаушыларға аударма қызметінің осы түрінің барлық негіздерін және қыр-сырларын жеткізу қажеттілігін ескере отырып құрылған.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Шет тілінің деңгейі upper-intermediate-тан төмен болмауы тиіс

КУРС ҰЗАҚТЫҒЫ

12 сағаттан 72 сағатқа дейін

САБАҚ ФОРМАТЫ

Топта 2 адамнан бастап 10 адамға дейін (жеке және топта оқу мүмкіндігі бар)

Неліктен дәл бізді таңдайды?

Әлемдік деңгейдегі оқытушылар

Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары

Қашықтықтан оқыту

Сертификат беріледі

Икемді оқыту кестесі

Шетелде оқу және жұмыс істеу мүмкіндігі

БАРЛЫҚ КУРСҚА 5% ЖЕҢІЛДІК!

*Науқан айдың соңына дейін жарамды!