Сипаттамасы

Аудармашылардың біліктілігін арттыру курсы  – бұл барлық маманданудың тәжірибеленуші ауызша және жазбаша аудармашыларға арналған ерекше курстар.

Өздеріңіз білетіндей, қазіргі әлемде білім үш жылға ғана өзекті. Егер лингвистикалық қызметтер саласы туралы айтатын болсақ, мұнда өзгерістер соншалықты жылдам болып тұрады, сол себептен жыл сайын өз біліміңізді жаңартып отыруға тура келеді. Жыл сайын аударманың әрбір түрі бойынша зерттеулер жүргізіледі және тиісті аударма оқытушыларына қойылатын талаптар да артады. Процестің тиімділігін арттыру және аударма сапасын жақсарту үшін жаңа технологиялар мен IT-шешімдер пайда болып отыр. ҚАА-да база үнемі жаңартылып, аударма саласының барлық заманауи технологиялары мен үрдістері енгізіледі. Осыған байланысты Сізге келесі курстар қызық болуы мүмкін:

  • Жазбаша аудармашы біліктілігін арттыру курсы
  • Ретті аудармашы біліктілігін арттыру курсы
  • Ілеспе аудармашы біліктілігін арттыру курсы
  • Машиналық аударма редакторының/корректорының/кейінгі редакторының біліктілігін арттыру курсы
  • CAT – құралдар бойынша біліктілікті арттыру курсы
  • Аударма саласындағы соңғы үрдістер бойынша біліктілікті арттыру курсы
  • Әр түрлі мамандану бойынша біліктілікті арттыру курсы
  • Сіз үшін жеке әзірленген біліктілікті арттыру курсы

Басқа курстарды кестеден қараңыз

Артықшылықтары

  • Осы саладағы жақын және алыс шетел зерттеушілерінің қатысуымен лингвист-профессорлармен, тәжірибелі мамандармен әзірленді
  • Бағдарламаны қатысушылардың сұраныстарына сәйкес бейімдеуге болады
Казахстанская Академия Перевода - логотип 2

Курс бағдарламасының мақсаттары

  • Теориялық білімді жаңарту және практикалық дағдыларды алу
  • Қажетті есте сақтау жүйлерін, әмбебап аудармашылық жазу жылдамдығын (ӘАЖ) зерделеу және меңгеру
  • Таңдалған курс бойынша шет тілінен және шет тіліне аудару дағдыларын автоматты түрде орындауға дейін жеткізу

Бағдарлама тыңдаушыларға аударма қызметінің осы түрінің барлық негіздері мен қыр-сырын беру қажеттілігін ескере отырып дайындалған.

Білім алушыларға қойылатын талаптар

Шет тілінің деңгейі upper-intermediate-тан төмен болмауы тиіс

Курс ұзақтығы

12 сағаттан 72 сағатқа дейің

Сабақ форматы

Топта 2 адамнан 10 адамға дейін (жеке және топта оқу мүмкіндігі бар)

Неліктен дәл бізді таңдайды

Білікті оқытушылар
Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары
Қашықтықтан онлайн оқыту
Сертификат алу
Икемді оқыту кестесі
Курсқа жазылу

Өтінім қалдырыңыз, біз жақын арада Сізбен хабарласамыз