Сипаттамасы

Ақпараттық технологиялар – бұл біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, бұл аударма саласын да  айналып өтпеді. Автоматтандырылған аударманың түрлі құралдары әлдеқашан әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті көптеген аудармашылардың жұмыс құралдарна айналды.

CAT- құралдар процесс тиімлігін арттырады және аударма мен редакциялау сапасын жақсартады. Сонымен қатар осы құралдарды пайдалану қаламақының ұлғаюына, аудармашы мен редактордың еңбек шығындарын төмендетуге алып келеді.

ҚАА тренингтік технологияларды және машықтану жаттығуларын пайдалана отырып, практикалық оқыту форматында барлық САТ-құралдарды оқыту бойынша курстарды өткізеді.

Артықшылықтары

  • Курс осы құралдарды қолданатын тәжірибеленуші мамандармен әзірленді
  • Аударылатын құжаттар көлемінің артуы, бүкіл әлемнен тапсырыстар алу мүмкіндігі және сәйкесінше, табыстың ұлғаюы
  • Оқытушылар 21 ғасырда талап етілген бәсекелік дағдыларды үйреніп, өз студенттеріне үйрете алады
  • Ірі онлайн ақпараттық ресурстарға қолжетімділік
Казахстанская Академия Перевода - логотип 2

Курс бағдарламасының мақсаттары

  • Заманауи CAT-құралдарымен танысу
  • САТ- құралдарын және басқа да БЖ қолданудың тәжірибелік дағдыларын меңгеру
  • Аудармашының жұмыс процесін автоматтандыруға және оңтайландыруға дағдылануы

Бағдарлама аудармашы қызметінде технологиялық шешімдерді қолданудың барлық ерекшеліктерін тыңдаушыларға жеткізу қажеттілігін ескере отырып дайындалған.

Білім алушыларға қойылатын талаптар

Шет тілінің деңгейі intermediate -тан төмен болмауы тиіс 

Курс ұзақтығы

12 сағаттан бастап

Сабақ форматы

Топта 2 адамнан 15 адамға дейін (жеке және топтық оқу мүмкіндігі бар)

Неліктен дәл бізді таңдайды

Білікті оқытушылар
Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары
Қашықтықтан онлайн оқыту
Сертификат алу
Икемді оқыту кестесі
Курсқа жазылу

Өтінім қалдырыңыз, біз жақын арада Сізбен хабарласамыз