Сипаттамасы

Гид-аудармашылар курсы – бұл шет тілін білетін гидтерді кәсіптік даярлау курсы. Бұл курстар шет тілінің кем дегенде базалық деңгейін білетін адамдарға арналған.

Курс топта қарқынды оқуға есептелген, Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында өткізіледі. Бұл курстар Сізге коммуникативтік дағдыларды және шешендік шеберлік дағдыларын дамытуға және бекітуге, сондай-ақ шетел тілінің және туған өлке жайында білімді жетілдіруге көмектеседі.   

Курс бағдарламасы 1,5 ай ішінде оқуға есептелген, оның ішінде 30 % уақыт теорияға, ал 70 % — практикалық дағдыларды дамытуға арналған.

ҚАА гидтердің шынайы жұмыс жағдайларына барынша жақын жағдайда практикалық оқыту форматында қарқынды курсты (автобуста экскурсия жүргізу дағдыларын дамыту үшін машықтану жаттығуларын пайдалана отырып) өткізеді. 

Артықшылығы

  • Курс экскурсиятануда практикалық тәжірибесі мол оқытушылармен әзірленді
  • Экскурсия жетекшісінің шет тіліндегі негізгі жұмыс қағидаттарын меңгеру
  • Бағдарлама экскурсияларды дайындау әдістемесінің негіздерін, шет тіліндегі сөйлеу мәдениетін және гид-аудармашының этикасын, сондай-ақ экскурсия тану мақсатында шет тілін зерделеуді қамтиды
  • Курс аяқталғаннан кейін сертификат алу
  • ⦁ Gala Global Company аударма компаниясында, сондай – ақ біздің серіктестеріміз -туристік агенттіктерде жұмысқа орналасу мүмкіндігі
  • Курста оқу құны бастапқы екі тапсырыспен өтеледі, және сіз іс жүзінде бірден жоғары таза табысқа жете аласыз
Казахстанская Академия Перевода - логотип 2

Курс бағдарламасының мақсаттары

  • Экскурсиялық бағдарламаларды өз бетінше әзірлеу дағдыларын дамыту
  • Әр түрлі бағыттар бойынша экскурсиялар өткізу бойынша практикалық дағдыларды пысықтау
  • Коммуникация және шетел туристерімен жұмыс негіздерін зерделеу

Елордаға және жалпы елге келетін шетелдік туристер санының тұрақты өсуін, сондай-ақ осы нарықтағы бәсекелестіктің артуын ескере отырып, осы курсты аяқтағаннан кейін сіздің тапсырыс алу және тұрақты жұмысбастылық перспективаңыз едәуір артады!

Білім алушыларға қойылатын талаптар

Шет тілінің деңгейі intermediate-тан төмен болмауы тиіс

Курс ұзақтығы

1,5 ай, аптасына 3 рет

Сабақ форматы

Топта 20 адамнан 25 адамға дейін (топтық оқыту)

Неліктен дәл бізді таңдайды

Білікті оқытушылар
Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары
Қашықтықтан онлайн оқыту
Сертификат алу
Икемді оқыту кестесі
Курсқа жазылу

Өтінім қалдырыңыз, біз жақын арада Сізбен хабарласамыз