RU | KZ

+7 (701) 487 76 31; +7 (701) 356 34 64 | office@kta.com.kz

Сипаттамасы

Гид-аудармашылар курсы – бұл шет тілін білетін гидтерді кәсіптік даярлау курсы. Бұл курстар шет тілінің кем дегенде базалық деңгейін білетін адамдарға арналған.

Курс топта қарқынды оқуға есептелген, Астана және Алматы қалаларында өткізіледі. Бұл курстар Сізге коммуникативтік дағдыларды және шешендік шеберлік дағдыларын дамытуға және бекітуге, сондай-ақ шетел тілінің және туған өлке жайында білімді жетілдіруге көмектеседі.   

Курс бағдарламасы 1,5 ай ішінде оқуға есептелген, оның ішінде 30 % уақыт теорияға, ал 70 % — практикалық дағдыларды пысықтауға арналған.  

ҚАА гидтердің шынайы жұмыс жағдайларына барынша жақын жағдайда практикалық оқыту форматында қарқынды курсты өткізеді (автобуста экскурсия жүргізу дағдыларын пысықтау үшін машықтану жаттығуларын пайдалана отырып). 

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Курс экскурсиятану бойынша практикалық тәжірибесі бар оқытушылармен әзірленді.
  • Экскурсия жетекшісінің шет тіліндегі негізгі жұмыс қағидаттарын меңгеру
  • Бағдарлама экскурсиятану мақсатында экскурсияларды құру әдістемесінің негіздерін, шет тілінде сөйлеу мәдениеті мен гид-аудармашының этикасын, сондай-ақ шет тілін үйретуді қамтиды.  
  • Курс аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.
  • Gala Global Company аударма компаниясында, сондай-ақ біздің серіктестер – туристік агенттіктерде жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
  • Курста оқу құны бастапқы екі тапсырыспен өтеледі, және сіз іс жүзінде бірден жоғары таза табысқа шығасыз

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

  • Экскурсиялық бағдарламаларды өздігінен әзірлеу дағдыларын дамыту
  • Түрлі бағыттар бойынша экскурсияларды жүргізу жөніндегі практикалық дағдыларды пысықтау
  • Коммуникация және шетел туристерімен жұмыс негіздерін зерделеу

Астанаға және жалпы елге келетін шетел туристері санының тұрақты өсуін, сондай-ақ осы нарықта бәсекелестіктің жоқ болуын ескеретін болсақ, осы курс аяқталғаннан кейін сіздің тапсырмаларды алу және әрдайым жұмысбастылық перспективаңыз бірнеше есеге ұлғаяды! 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Шет тілінің деңгейі upper-intermediate-тан төмен болмауы тиіс

КУРС ҰЗАҚТЫҒЫ

1,5 ай, аптасына 3 рет

САБАҚ ФОРМАТЫ

Топта 20 адамнан бастап 25 адамға дейін (топтық оқыту)

Неліктен дәл бізді таңдайды?

Әлемдік деңгейдегі оқытушылар

Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары

Қашықтықтан оқыту

Сертификат беріледі

Икемді оқыту кестесі

Шетелде оқу және жұмыс істеу мүмкіндігі

БАРЛЫҚ КУРСҚА 5% ЖЕҢІЛДІК!

*Науқан айдың соңына дейін жарамды!