RU | KZ

+7 (701) 487 76 31; +7 (701) 356 34 64 | office@kta.com.kz

Сипаттамасы

Ілеспе аударма – арнайы жабдықты қолдану арқылы орындалатын ауызша аударманың ең күрделі түрлерінің бірі.

ОСЫ АУДАРМА ТҮРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Аудармашы аударманы спикердің сөйлеуі мезетінде бір уақытта жасайды. Бұл спикерге аудиторияның назарын ұстауға, тыңдаушылардың көңіл-күйін және реакциясын сезінуге мүмкіндік береді.
  • Осы бір уақыттылық арнайы жабдық – ілеспе аударма жүйесін пайдалану арқасында ғана мүмкін.
  • Іс-шараны өткізу уақыты ретті аудармамен салыстырғанда шамамен екі есеге қысқарады.
  • Тым күрделі болуына байланысты аударманың осы түрі ой салуды талап етеді, сондықтан да, әдетте, бір-бірін әрбір 20-30 минут сайын алмастыратын екі аудармашымен жүзеге асырылады.
  • Ілеспе аударма, әдетте, көптеген шетел спикерлері және тыңдаушылары қатысатын конференцияларды, форумдарды, дөңгелек үстелдерді, тренингтер мен семинарларды өткізу кезінде қажет етіледі.

Ілеспе аударманың кәсіптік дағдыларынан өзге талап етілетін қасиеттер мен дағдылар: түпнұсқа тілі мен аударма тілін белсінді білудің жоғары деңгейі, реакция жылдамдығы, анық дикция, зейін қою ептілігі, кедергіге төзімділік, психикалық тұрақтылық, жақсы физикалық форма. Сол себепті осы қызмет арнайы дағдыларды, білімді, дайындықты және машықты талап етеді.

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

  • Тиісті есте сақтау жүйесін, ілеспе аударма үшін жабдықты қолдана отырып аударманы зерделеу және меңгеру
  • Ілеспе аударма дағдыларын автоматты түрде орындауға дейін жеткізу
  • Түпнұсқа тілінде айтылған ауызша мәтін үзінділерін аударма тілінде жаңғырту

Бағдарлама тыңдаушыларға аударма қызметінің осы түрінің барлық негіздерін және қыр-сырларын жеткізу қажеттілігін ескере отырып құрылған.

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Шет тілінің деңгейі upper-intermediate-тан төмен болмауы тиіс

КУРС ҰЗАҚТЫҒЫ

12 сағаттан 72 сағатқа дейін

САБАҚ ФОРМАТЫ

Топта 2 адамнан бастап 6 адамға дейін (жеке және топта оқу мүмкіндігі бар)

ОҚЫТУШЫЛАР

  • Оқытушылық қызмет тәжірибесі бар мемлекет басшыларының, ірі ұлтаралық корпорациялардың, Еуропа одағы жүйесі мен БҰҰ тәжірибеленуші аудармашылары
  • Дәрежесі бар аударманың тәжірибеленуші оқытушылары

Неліктен дәл бізді таңдайды?

Әлемдік деңгейдегі оқытушылар

Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары

Қашықтықтан оқыту

Сертификат беріледі

Икемді оқыту кестесі

Шетелде оқу және жұмыс істеу мүмкіндігі

БАРЛЫҚ КУРСҚА 5% ЖЕҢІЛДІК!

*Науқан айдың соңына дейін жарамды!