Сипаттамасы

Курс аудармашыға келесідей мүмкіндік береді:

  • Қоғамдық-ақпараттық дискурсты ауызша аударма саласында теориялық білімді жүйелеу, практикалық дағдыларды дамыту және жетілдіру;
  • Әлеуметтік-мәдени және қоғамдық-саяси сипаттағы құжаттарды қамтитын ақпараттық мәтіндердің ілеспе және ретті аудармасын орындауды үйрену және т. б.;
  • Әртүрлі бұқаралық коммуникация арналары арқылы өтетін әртүрлі ақпаратты: журналдарды, газеттерді, теледидар мен радионы аудару тәсілдерін қолдану;
  • Аялық білімін толықтыру және ең дәл нұсқаны табу үшін анықтамалық ақпараттың түрлі көздерін пайдалану;
  • Сапалы аударманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көптеген дағдылар мен тәсілдерді меңгеру.
Казахстанская Академия Перевода - логотип 2

Курс бағдарламасының мақсаттары

Курс:

  • Мемлекеттік мекемелердің, ұлттық және салалық компаниялар мен ведомстволардың аудармашыларына;
  • Қазақ тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне ақпараттық аударма саласында теориялық және/немесе практикалық дайындығы бар және осы салада кәсіби дамуды жоспарлап отырған аудармашыларға арналған.

Білім алушыларға қойылатын талаптар

Қазақ және ағылшын тілдерін жақсы меңгерген, аударма саласында теориялық дайындығы мен практикалық тәжірибесі болғаны жөн

Курс ұзақтығы

30 академиялық сағат, 10 күн. Сабақтар аптасына үш рет өткізіледі

Сабақ форматы

Онлайн

Оқытушы

Алшинбаева Жулдыз Куанышевна – магистр, Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы, барлық салаларды аудару дағдылары жөніндегі курстарды әзірлеуші, «Қазақстан Аударма Академиясы» ЖШС үйретушісі.

Неліктен дәл бізді таңдайды

Білікті оқытушылар
Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары
Қашықтықтан онлайн оқыту
Сертификат алу
Икемді оқыту кестесі
Курсқа жазылу

Өтінім қалдырыңыз, біз жақын арада Сізбен хабарласамыз