Сипаттамасы

Ретті аударма — спикер өз хабарламасын басқа тілде жеткізу үшін, арнайы кідірте отырып сөйлей, өз баяндамасын қайта-қайта үзіп отыратын ауызша аударудың бір түрі. 

Осы аударма түрінің ерекшелігі

  • Аударма басталғанға дейін ұзақ уақыт ішінде түпнұсқаның маңызды сегменттерінің мазмұнын аудармашының жадында сақтауды талап етеді
  • Әдетте қатысушылар саны салыстырмалы түрде аз іс-шараларды, мысалы, іскерлік келіссөздер, брифингтер, баспасөз конференциялары, презентациялар, көрмелер, фуршеттер, мерекелік іс-шаралар, сот отырыстары және шетелдік азаматтар қатысатын нотариаттық іс-шаралар өткізу кезінде қолданылады
  • Қосымша техникалық жабдықтауды қажет етпейді, бұл іс-шараның мобильділігін арттырады

Ретті аударма процесінде аудармашы шет тіліндегі мәтінді қабылдау, талдау және жеткізу үшін шектеулі уақыт аралығында жұмыс істейтін себептен ұзақ мерзімді есте сақтау дағдыларына ие болуы тиіс.

Осыған байланысты осы қызмет арнайы дағдыларды, білімді, дайындықты және машықты, мысалы, аудармашылық жазу жылдамдығын қажет етеді.  

Казахстанская Академия Перевода - логотип 2

Курс бағдарламасының мақсаттары

  • Қажетті есте сақтау жүйлерін, әмбебап аудармашылық жазу жылдамдығын (ӘАЖ) зерделеу және меңгеру
  • Шет тілінен және шет тіліне екі жақта аударманы автоматты түрде орындау дағдыларына жеткізу
  • Түпнұсқа тілінде айтылған ауызша мәтін үзінділерін аударма тілінде жеткізу

Бағдарлама тыңдаушыларға аударма қызметінің осы түрінің барлық негіздерін және қыр-сырларын жеткізу қажеттілігін ескере отырып дайындалған.

Білім алушыларға қойылатын талаптар

Шет тілінің деңгейі upper-intermediate-тан төмен болмауы тиіс

Курс ұзақтығы

12 сағаттан 72 сағатқа дейін

Сабақ форматы

Топта 2 адамнан 6 адамға дейін (жеке және топта оқу мүмкіндігі бар)

Неліктен дәл бізді таңдайды

Білікті оқытушылар
Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары
Қашықтықтан онлайн оқыту
Сертификат алу
Икемді оқыту кестесі
Курсқа жазылу

Өтінім қалдырыңыз, біз жақын арада Сізбен хабарласамыз