Сипаттамасы

Ағылшын тілін үйрену барысында рөлдік ойындар қолданылады, іс жүзінде тыңдаушылар келіссөздер процесінде басқа (және өзінің) мәдениеті өкілдерімен қарым-қатынас жасау дағдысын иеленеді. Сабақтар интерактивті сипатқа ие, тыңдаушылар әрдайым практикалық жұмысқа қатысады, қандай да бір жаттығулар жасайды, келіссөздер лексикасын және ағылшын тілінде келіссөздер жүргізу тәсілдерін игереді. Келіссөздер тәжірибесінен көптеген мысалдар келтірілген, сабаққа қатысушылар өздері үшін келіссөздер жүргізетін тараптардың күші мен әлсіздігін анықтайды. Кейбір жағдайларда қатысушылар өздері келіссөздер жүргізеді, ал егер аудармашылар туралы айтатын болсақ, олар келіссөздер барысын сырттан бақылайды. Сабақта әр модуль бойынша дыбыстық файлдар, ағылшын тіліндегі бейнематериалдар пайдаланылады.

Курстың артықшылықтары

Ағылшын тілін оқыту үшін келіссөздер тақырыбы қолданылады, сабақ барысында студенттер келіссөздерді өткізудің дайындықтан бастап мәмілені аяқтауға дейін барлық процестерінен өтеді.

Казахстанская Академия Перевода - логотип 2

Курс бағдарламасының мақсаты

Келіссөздер жүргізу дағдыларын игере отырып, сол мезетте ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру.

Білім алушыға қойылатын талаптар

  • Ағылшын тілін меңгеру деңгейін жоғарылатқысы келетін және сонымен бірге келіссөздер жүргізу дағдыларын игергісі келетін барлық тыңдаушыларға арналған.
  • Ағылшын тілін үйрену барысында рөлдік ойындар қолданылады, іс жүзінде тыңдаушылар келіссөздер процесінде басқа (және өзінің) мәдениеті өкілдерімен қарым-қатынас жасау дағдысын алады.

Курс ұзақтығы

16 астрономиялық сағат

Сабақ форматы

Сабақтар онлайн формата, вебинар түрінде өткізіледі

Оқытушылар

Сабақты — кәсіби синхронды аудармашы, ММЛУ еңбек сіңірген профессоры, 25 жылдан астам оқытушылық өтілі бар ММЛУ-дағы аударма және педагогикалық шеберлік кафедрасында синхронды және ауызша аударма оқытушысы, Ресей аудармашылары одағының және Мәскеу жазушылар одағының мүшесі, «Валентин» баспасының редакциялық алқасының мүшесі, «ІЗДЕҢІЗ ЖӘНЕ ТАБЫҢЫЗ» ағылшын-орыс библеизмдер сөздігінің авторы Загот Михаил Александрович жүргізеді.

Неліктен дәл бізді таңдайды

Білікті оқытушылар
Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары
Қашықтықтан онлайн оқыту
Сертификат алу
Икемді оқыту кестесі
Курсқа жазылу

Өтінім қалдырыңыз, біз жақын арада Сізбен хабарласамыз