RU | KZ

+7 (701) 487 76 31; +7 (701) 356 34 64 | office@kta.com.kz

Сипаттамасы

Қазақстандықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге бағытталған үштілділік саясаты рухында біз Сізге ұлттық мемлекеттің негізі және ұлтты біріктіру құралы болып табылатын қазақ тілінің курстарын ұсынамыз. Тілді үйрену күрделілігіне қарамастан, қазақ тілінде сауатты сөйлеуді, оқуды және жазуды үйренгісі келетін адамдардың саны жылдан жылға өсуде.

Дәл сол себепті Қазақстан Аударма Академиясы (ҚАА) Сізге жекелей, сондай-ақ топтық сабақтар режимінде қазақ тілін жылдам әрі оңай меңгеруді ұсынады.

ЖЕКЕ САБАҚТАР

Қазақ тілін үйренудің ең тиімді формасы болып табылады. ҚАА Сізге біздің жоғары білікті оқытушылармызбен қазақ тілі бойынша жеке сабақтарды ұсынады.

Осындай сабақтардың басты айырмашылығы оқытудың дербес тәсілдерінің барлық артықшылықтарын толық іске асыру мүмкіндігі болып табылады. Оқыту бағдарламасы, сабақ кестесі, оқытушының бар назары Сіздің тілді үйрену мақсаттарыңызға қол жеткізуге ғана бағытталады.

Сабақтар жеделдетілген және тереңдетілген оқытуды талап ететін тұлғаларға арналған.

ТОПТЫҚ САБАҚТАР

Сабақтар 2 адамнан бастап 6 адамға дейінгі шағын-топтарда өткізіледі. Осы курстар бастапқыдан ілгеріге дейінгі қазақ тілі білімінің барлық деңгейлеріндегі білім алушыларға арналған және қазақ тіліндегі коммуникация дағдыларын тамаша дамытады.

Сабаққа кіріспес бұрын біздің оқытушы Сіздің қажеттіліктеріңізге бағытталған бағдарламаны әзірлеу мақсатында біліміңіздің деңгейін анықтау үшін мұқият түрде тестілеуді өткізеді.

Курс аяқталғаннан кейін және экзаменді тапсыру нәтижесінде оқытушы Сізге кейінгі оқу және Сіздің даму салаларыңыз бойынша толық ұсынымдарды береді.

БІЗДІҢ КУРСТАРҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ ДА, МЫНАЛАРДЫ ИЕЛЕНІҢІЗ

  • тегін алғашқы сабақ
  • сыйлыққа тестілеу
  • заманауи әдістемелер мен оқу құралдары бойынша жоғары сапалы оқыту
  • 10 білікті оқытушы
  • жеңілдіктердің икемді жүйесі мен деңгейіңізге байланысты төлемнің сараланған жүйесі
  • өз қажеттіліктеріңізге қарай оқыту бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігі
  • оқытушының сіздің ұйымыңызға шығуы
  • қол жеткізілген нәтижелерге ай сайын тестілеу жүргізу
  • 3 ай ішінде бір деңгейді меңгеру
  • курстың аяқталуы жөніндегі сертификат

және нәтижесінде таңдалынған оқыту бағдарламасына сәйкес қазақ тілінің сенімді деңгейіне ие боласыз!

Неліктен дәл бізді таңдайды?

Білікті оқытушылар

Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары

Қашықтықтан оқыту

Сертификат беріледі

Икемді оқыту кестесі

СПЕШИТЕ, АКЦИЯ!
КУРСЫ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА ДЛЯ ГОС. СЛУЖАЩИХ СО СКИДКОЙ 30% ВСЕГО ЗА 21600 ТГ!

*Акция действует до 1 марта. Спешите записаться в группы. Места ограничены.