Сипаттамасы

KTA Community – бұл біздің тіл әуесқойлар қоғамдастығы, біз Сізге осы қоғамдастыққа қосылуыңызды ұсынамыз.

Сіз мынадай жағдайға тап болған шығарсыз: шет тілін мектепте, содан соң ЖОО-да үйренесіз, грамматиканы да білетін секілдісіз, бірақ шетелдікпен тұрмыстық немесе іскерлік тақырыптарға сөйлесу сәті келгенде, саяхат уақытысында әлдебір нәрсені айту қажеттілігі туындағанда, сізге таныс емес акцентті естіген бойда сасқалақтап, барлығын ұмытасыз.

Біздің сөйлеу клубтарымыз тілді білудің түрлі деңгейлеріне арналған. Кездесулер ағылшын және қазақ тілдерінде өткізіледі. 

Сіз тілді енді ғана үйрене бастадыңыз, бірақ қазір-ақ ол тілде сөйлесе алғыңыз келсе – Сізді А1-А2 деңгейі үшін клуб кездесулерінде күтеміз.

Сіз грамматикалық ережелерді білсеңіз, бірақ шет тілінді қандай да бір сөздерді айтпас бұрын әлде де ойланып қалсаңыз, Сіз үшін В1-В2 деңгейіндегі кездесулер жақын келеді.

Сіз күнделікті тақырыптарға ағылшын тілінде еркін сөйлейсіз, бірақ бизнестің өзекті мәселелерін талқылау үшін сөздік қорыңыз жетіспейді, онда Сіз сөйлесу бизнес клубына келуіңіз тиіс.

Сіз қандай артықшылықтарға ие боласыз:

  • барлық кездесулерді тілді білетін мамандар өткізеді
  • балалар мен ересектерге арналған сөйлеу клубтары
  • сөйлеу тілінің үнемі жетілуі
  • сөздік қорының белсенді арттыру
  • сауатты және еркін сөйлеу
  • білім мен дағдыларды бекіту
  • еркін жағдай мен интерактивті жабдықтар: фильмдерді қарау, ойындар
  • жаңа таныстар мен достар

Клуб кездесулерінің кестесін веб-сайтымыздан және әлеуметтік желілерден қараңыз.

Казахстанская Академия Перевода - логотип 2