RU | KZ

+7 (701) 487 76 31; +7 (701) 356 34 64 | office@kta.com.kz

Сипаттамасы

ТІЛ БОЙЫНША ЕМТИХАНДЫ ТАПСЫРУҒА ДАЯРЛАУ КУРСЫ

Сізге қазақ тілін (KAZTEST), ағылшын тілін (IELTS, TOEFL), орыс тілін (ТРИК), испан тілін (DELE), француз тілін (DELF), неміс тілін (Test DAF), түрік тілін (TÖMER), қытай тілін (HSK) немесе басқа да тілді білуге арналған емтиханды тапсыру қажет пе? 

Біздің оқытушылар барлық бағыттар, атап айтқанда: хат, оқу, тыңдалым және ауызекі тіл бойынша Сіздің максималды нәтижелерді алуыңыз үшін дайындайды. 

Осы курстан өту барысында сіздің:

  • Емтихан форматымен танысуға;
  • Өз күшіңізді сынауға және нәтижелерді білуге;
  • Тапсырмаларды орындау үшін дәл Сіз үшін қанша уақыт қажет екендігін түсінуге;
  • «Дамытуды қажет ететін жақтарыңызды», жұмыс істеуді талап ететін тұстарыңызды білуге;
  • Даярлау курсын дұрыс таңдауға мүмкіндігіңіз пайда болады.
  • Емтихан режимі мен форматына дағдылана аласыз, бұл емтиханды тапсыру кезінде күйзеліске ұшырамауға мүмкіндік береді.

ІСКЕРЛІК АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫ

Сізге мансаптық өсуге қол жеткізу және сәтті бизнесті жүргізу үшін іскерлік қарым-қатынас деңгейінде ағылшын тілін білу қажет пе? Біздің іскерлік ағылшын тілі курсы іскерлік коммуникацияға және терминологияға екпін қоя отырып, жазба және ауызша тіл дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сабақтарда түпнұсқаға барабар мәтіндер пайдаланылады және құқықтанудан, экономикадан, медицинадан бастап мұнай-газ ісіне, жылжымайтын мүлікті басқаруға дейінгі Сіздің қызмет шеңберіңіздегі, сондай-ақ басқа да кәсіптік салалардағы жағдайлар талқыланады.    

БІЗДІҢ ІСКЕРЛІК АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫНА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ ДА, МЫНАЛАРДЫ ИЕЛЕНІҢІЗ:

  • Кәсіптік қызметте бизнес-ағылшын тілін тиімді пайдалана аласыз
  • Ағылшын тіліндегі сұхбатқа дайындаласыз
  • Телефон арқылы жүргізілетін келіссөздерді сауатты жүргізе аласыз
  • Ағылшын тілді серіктестермен хат-хабарлар алмасуды үйренесіз
  • Шетел серіктестерімен және клиенттермен еркін сөйлесесіз
  • Ағылшын тілінде презентацияларды жүргізуді үйренесіз
  • Іскерлік сапарлар, келіссөздер мен кездесулер үшін ауызекі бизнес-ағылшын тілін үйренесіз

Назар аударыңыз! Сіз сондай-ақ оқыту тәжірибесі 15 жылдан жоғары және авторлық оқыту бағдарламалары бар оқытушыларда іскерлік қазақ тілін оқыту курсынан өте аласыз.

Осы курстар жалпы курстан өткеннен кейін және қандай да бір тілді меңгерудің орта деңгейіне қол жеткізгеннен кейін ұсынылады. Сіз осы курсқа жеке сабақтар, сондай-ақ топтық сабақтар (2-6 адам) форматында жазыла аласыз. 

Неліктен дәл бізді таңдайды?

Әлемдік деңгейдегі оқытушылар

Заманауи оқыту бағдарламалары және технологиялары

Қашықтықтан оқыту

Сертификат беріледі

Икемді оқыту кестесі

Шетелде оқу және жұмыс істеу мүмкіндігі

БАРЛЫҚ КУРСҚА 5% ЖЕҢІЛДІК!

*Науқан айдың соңына дейін жарамды!